Айзаттың өліміне қатысты істі зерттеу үшін Руслан Өтепбай Талдықорғанға барды

23.07.2025, 16:50
4465
Айзаттың өліміне қатысты істі зерттеу үшін Руслан Өтепбай Талдықорғанға барды SMARTNEWS.KZ коллажы

Марқұмның қайын атасы Айзатты қаралайтын сөздер айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі журналист Руслан Өтепбай Жетісу облысында болған жантүршігерлік оқиғаға байланысты тергеу материалдарын зерттеу үшін Баласаз ауылына барғанын хабарлады.

22 маусым күні Жетісу облысы, Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қайтыс болды. Тергеу нұсқасына сәйкес, оның күйеуі әйелін арқанмен байлап, жылқыға байлап сүйреткен. Ауыр жарақат алған Айзат Жұманованы ер адам алдымен ата-анасының үйіне апарған, кейіннен ауруханаға жеткізген. Алайда медициналық көмек тым кеш көрсетілгендіктен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Бұл оқиға қоғамда кеңінен талқыланып, әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Марқұмның туыстары әділдік талап етіп, журналистерден көмек сұраған.

«Айзат Жұманова 22 маусымда қайтыс болды. Оқиға орнына келіп, марқұмның жақындарымен кездестім. Ата-анасы әділдік іздеп, шырылдап жүр. Олардың айтуынша, Айзат күйеуінің қатыгез әрекетінен көз жұмған. Осы істі жан-жақты зерттеу үшін арнайы келдім. Егер үлгерсем, бүгін кешке YouTube-арнама толық репортажды жариялаймын», — деп жазды Руслан Өтепбай.

Журналист марқұмның қайын атасы Қайраттан да сұхбат алған. Ол оқиғаның нақты қалай болғанын білмейтінін айтты:

«Айзатты сол күні көрмедім. Әйелім екеуімен бірге кеткен. Қыздың қорылдап жатқанын айтты. Кикілжің болғаны анық. Бірақ ондай жағдай бір жақты болмайды ғой. Маған келін болып түскенге дейін не болғанын білмеймін ғой, дұрыс па?...», — дейді Қайрат.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды