Аралас жекпе-жек шебері Дәурен Ермеков қарсыласын нокаутпен жеңді

26.03.2023, 13:50
702
Аралас жекпе-жек шебері Дәурен Ермеков қарсыласын нокаутпен жеңді inform.kz

Қазақстандық Дәурен Ермеков (17-5) Ресейдің Самара қаласында аралас жекпе-жектен өткен Ural Fighting Championship 2 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Д.Ермеков ресейлік Гамзат Хирамагомедовпен (10-2) жекпе-жек өткізіп, оны екінші раундта буындыру әдісімен жеңді.

Осылайша, Ермеков кәсіби спорттағы 18-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал Гамзат

Хирамагомедов октагонда осымен үшінші рет жығылып отыр.

Айта кетейік, Ермеков пен Хирамагомедов бұған дейін екі рет кездескен: олар алғаш 2015 жылы әуесқой сатыда жұдырықтасты. Ол кезде ресейлік файтер төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Екінші кездесу былтырғы шілде айында өтіп, қазақстандық спортшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.

Д.Ермеков Eagle FC лигасының орта салмақтағы чемпионы. Титул құрылтайшысы – UFC-тің экс-чемпионы Хабиб Нұрмағамбетов.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды