SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде ойландыратын жазба жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды.
Ол өмірлік серігімен арадағы қарым-қатынас жайлы әсерлі видео салып, қоштасу іспетті сөздер жазды.
Жазбада ол ашық әрі ауыр сөздерді де айтып өткен:
«Өмірімнің астан-кестенін шығардың. Бар, кет, жоғал. Қайда барсаң, онда кет», – деген ол.
Дегенмен, Мөлдір Қабатов өз өміріндегі жақсы сәттерге де ризашылығын білдірді.
«Не болса да, жақсы сәттер көп болды. Көп рахмет саған. Бәрі шынайы болды. Бірақ мен бір нәрсені түсіндім: адал махаббат – сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Уәде емес, әрекет. Сезім емес, тұрақтылық», – деп жазды ол видео астындағы жазбада.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбірі оны қолдап, сабыр мен рух тіледі, енді бірі жеке өмірді елге жария етпей-ақ қоюға болар еді деп сынап жатты.
«Отбасылық мәселені осылай жұртқа жаю міндет пе еді?», «Сабыр етіңіз, бәрі орнына келеді», «Кететін адамды ұстап қалмау керек. Дұрыс шешім шығар», «Әркімнің басынан өтетін жағдай. Қиын сәттер де – өмірдің бір бөлігі», – деп жазды желідегілер.
Әзірге Қабатовтың өзі бұл жағдайға байланысты пікір білдірген жоқ.
RUS