Тұрсынбек Қабатовтың әйелі енді Қайрат Нұртаспен ән айтпақ

Аиса Махамбет Редактор
23.07.2025, 20:30
1175
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі енді Қайрат Нұртаспен ән айтпақ жеке парақшасынан

Тұрсынбектің ұяты болса, енді ел алдына шықпайды дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова шоу-бизнеске белсенді түрде оралатынын мәлімдеді. Ол жақында Қайрат Нұртаспен бірге дуэт жазатынын айтып, елді таңғалдырды.

«Қайрат Нұртаспен дуэт жазу үстіндемін… Өзіме де әлі сенбей тұрмын. Өмірімде ана, жар, кәсіпкер деген рөлдерді атқардым. Енді шығармашылық жолға ден қоюға бел будым. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін аса маңызды. Мөлдір мен Қайраттың бірігіп салған әні қандай болады деп ойлайсыздар? Махаббат туралы ма, әлде өмірдің өткені мен өкініші туралы ма? Жүректен шыққан ән – жүрекке жетеді ғой. Сіздер күтесіздер ме?..» – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл мәлімдеме бірден жұрт назарын аударды. Желі қолданушылары екіге жарылды: бірі Мөлдірге сәттілік тілеп, дуэтті асыға күтсе, енді бірі Қайрат Нұртастың жеке өнерін жалғыз жалғастырғанын қалады.

«Екі хит иесі қосылды деген сөз!», «Жұрт ажырасты деп жатыр, негізі жай ғана танымалдылық үшін осылай жасаған шығар», – деген қолдаушылар болса, кейбір оқырмандар Тұрсынбектің атына сын айтты.

«Тұрсынбекті енді концертке шақырудың қажеті жоқ», «Осындай әйелін қиын сәтте тастап кеткен адамды сыйлаудың қажеті жоқ», «Тұрсынбектің ұяты болса, енді ел алдына шықпайды», – деп жазды ашулы жұрт.

Ал Мөлдір Мұқановаға деген жылы пікірлер де көп:

 «Жарайсың, Мөлдір! Сені қолдаймыз!», «Жаңа өмірің жарқын болсын», – деп тілек білдіргендер де табылды.

Айта кетейік, Мөлдір Мұқанова бұған дейін де шығармашылықпен айналысып, сахнада өнер көрсеткен болатын. Енді ол өнер жолына нақты бет бұрғанын мәлімдеп отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды