Ресейде ұшақ құлап, жолаушылардың бәрі қаза тапты
Ұшақ радардан жоғалып кеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін таңертең Ресейдің Хабаровск — Благовещенск — Тында бағытында ұшқан «Ан-24» жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті. Бортта 43 жолаушы, оның ішінде бес бала және алты экипаж мүшесі болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың сынықтары Тында қаласынан 15 шақырым жерден табылған. «Росавиация» мекемесінің «Ми-8» тікұшағы құлаған аймақтан өртеніп жатқан фюзеляжды анықтаған.
«Құтқарушылар оқиға орнына бет алды», – деп мәлімдеді Ресей ТЖМ.
Қазіргі таңда апаттың нақты себептері анықталып жатыр. РИА Новости агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, апаттан ешкім аман қалмаған.
Бұл оқиға – Ресейдегі соңғы жылдардағы ең ірі әуе апаттарының бірі болып отыр.
Материал авторы