SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Наманган облысында сиыр бір жастағы баланы және оның анасын таптап кетті. Жантүршігерлік оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр.
Жергілікті ішкі істер басқармасының мәліметінше, оқиға Янгикурган ауданында болған. Ауыл тұрғыны өзіне тиесілі сиырларды жайылымнан үйге айдап келе жатқанда, олардың бірі үйінің жанында ойнап отырған бір жасар балаға шабуылдап, артынан 36 жастағы анасын да таптап кеткен. Әйел баласын қорғауға тырысқан.
Сот-медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес, бала жеңіл жарақат алған, ал анасының жарақаты орташа ауырлықта деп бағаланған. Екеуі де дәрігерлердің бақылауында болып, кейін үй жағдайында емделу үшін ауруханадан шығарылды.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатыр.
RUS