«Атпен сүйрегеннен жамбасының еті түсіп, сүйегі көрініп жатыр»: марқұм Айзаттың құрбысы шындықты әшкереледі

Азиз Қалижан Редактор
24.07.2025, 16:37
4636
«Атпен сүйрегеннен жамбасының еті түсіп, сүйегі көрініп жатыр»: марқұм Айзаттың құрбысы шындықты әшкереледі SMARTNEWS.KZ коллажы

Айзат көзге шөп салды дейтіндей, негіз жоқ. Олардың ауылында еш еркек те жоқ, телефонын әрқашан Айбар тексеріп жүретін дейді марқұмның құрбысы Мадина.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 маусым күні Жетісу облысы, Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қайтыс болды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, оның күйеуі әйелін арқанмен жылқыға байлап сүйреткен. Ауыр жарақат алған Айзат Жұманованы ер адам алдымен ата-анасының үйіне апарған, кейіннен ауруханаға жеткізген. Алайда медициналық көмек тым кеш көрсетілгендіктен, дәрігерлер Айзаттың өмірін сақтап қала алмаған.

Аталған жантүршіктірерлік өлімге қатысты іс қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Жағдайдың мән-жайын білу үшін журналист Руслан Өтепбай марқұмның туыстары мен құрбысынан, сондай-ақ күйеуі Айбардың жақындарынан сұхбат алған.

Журналиске берген сұхбатында Айзаттың құрбысы Мадина Қайратқызы марқұмның қандай жан болғанын айтты.

«Айзаттың барлық қуанышында болдым. Ұзатуында, тойында. Қызының бір жас тойында да болдым. Айзат күйеуін қатты жақсы көрді. Оның қыдыратынын, қателігін кешіретін. Екеуі 2-3 жылдай жүрді. Бір кездері екеуміз көрші тұрдық. Бір күні үйіне барсам, көңіл күйі жоқ. Көйлегіне қарасам сан жағында көгерген із тұр. Мен не боп қалды десем, Айбар екеуміз ұрысып қалғанда мені итеріп жіберді, содан көгерді деді. Мен оған «Айбарды тасташы» деп жалындым, ол болса, «Жоқ, оны жақсы көремін» деді. Ұзатуына бір-екі күн қалғанда да, Айбарға айтпай маған келді. Сені бір ұрған адам тағы да ұрады, күйеуге шықпашы оған дедім. Ол болса, «жасым жетіп қалды, мен оны жақсы көремін» деді. 29 жасында күйеуге шыққан соң солай деді», - дейді құрбысы.

Мадина марқұм құрбысы Айзаттың тұрмыста болған 3 жыл ішінде Айбарды еш жамандамады дейді.

«Үйленген соң бір-екі күннен соң хабарласқанда, жақсы деді. Ауылда қалатын болды. Сыртқа шықпайтынбыз, Айзатты әкеліп, алып келетін. Әңгімелескенде де оны айтып шағымданбайтын. Айбар жақсы жаққа өзгеріп жатыр деп мені сендіретін. Ауылға келгенде оның шашын бояп, тырнағын жасап беретінмін. Саны көгерген соң оны қарап жүретін болдым. Бірақ сонда да Айбарды еш жамандамайтын. Үйіндегі ұрысты да сыртқа жаймайтын. Өзін кінәлі сезініп, «қайын апама кешірім сұрап алтын алып бердім» деп отыратын», - дейді Мадина Қайратқызы.

Сондай-ақ Мадина Қайратқызы құрбысының мәйітін көргенін айтты. Ол Айзаттың селфи жасап құлап кеткеніне сену мүмкін емес дейді. Себебі Айзат ұрыстан бірнеше күн бұрын телефонын әжетханаға түсіріп алған.

«Мәйітін көрдім. Сене алмаймын. Өте қиын. Ол кезде Балқашта демалып жүрген едім. Байланыспен проблема болған еді. Кейін байланысқа қосылып қарасам, көп адам хабарласқан екен. Маған  «Айзаттан айырылып қалдық, Мәдөк» деген хат келді. Сене алмаймын. Бәрі айтып жатыр.

Айзатқа қол көтерген. Ұрған. Содан қайтыс болды. Мен солай деп ойлаймын. «Селфи түсейін деп жатып құлап кетті» дегенге сенбеймін. Селфи түсірді дегенде, ол 2-3 күн бұрын телефонын даладағы әжетханаға түсіріп алған. Оның телефоны болған жоқ. Миға қонымсыз нәрсе ғой. Ұрып жатқанда адам 2 қабатқа шығып селфиге түсе ме өзі?!

Денесінің сау тамтығы жоқ. Барлық жері көгеріп, күп-күлгін боп қалған. Мойнынан жоғары, басы бәрі ісіп кеткен», - дейді құрбысы. 

Атқа байлап сүйреді деген болжам туралы сөз қозғады.

«Естідім. Өте ауыр. Сене алмаймын өзім. Бірақ жамбас жағы сырылған. Тіпті жамбасының еті түсіп қалған. Сүйегі көрініп жатыр», - дейді ол.

Әлеуметтік желідегі Айзаттың тарапына айтылып жатқан қауесетке сенбеймін дейді Мадина.

«Ақпан айында Айзат мені қонаққа шақырған еді. Таулы жақ. Адам көп емес. Ауылда 10 шақты үй, оның көбінде адам тұрмайды. Ауылдың шет жағында 2 қабатты үй тұр, Айбарлардың үйі. Айзат көзге шөп салды дейтіндей, ол жақта бөтен еркек те жоқ. Не сеть ұстамайды. Айбарды қатты жақсы көретіні соншалықты Айзаттың Instagram, WhatsApp парақшалары Айбардың телефонында қосулы болатын. Бізге артық ештеңе де жазбайтын. Хабарласады да, нақты айтады-қояды. Артық жүріс-тұрысы жоқ болатын. 

Айбар әйелін қатты қызғанатын. Бірақ негізсіз болатын. Дүкенде кезекте тұрып қалса да, оған тиісетін, «Неге жоғалып кеттің? Неге келіп болмайсың?» деп ұрыс шығаратын. Менің үйіме келгенде де, «Неге шықпай жатырсың? Қайдасың?» деп іздейтін. Айзатты әкелгенде, әдейі бөлмелерді тексеріп шығатын. Сол үшін Айзат келерде күйеуіме бір жаққа бара тұршы деп айтатынмын», - дейді ол.  

Сондай-ақ Мадина Айбардың ішетінін, тіпті шөп шегетінін жеткізді. Ол Айзаттың саны көгерген кезінде Айбардың мас болғанын айтты. Бұл туралы оған марқұм Айзат айтқан.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан