842

Мирзиёевті қорлады деген адамды Әзербайжан билігі Өзбекстанға беріп жіберді

Өзбек азаматы еліне қайтарылды.

Мирзиёевті қорлады деген адамды Әзербайжан билігі Өзбекстанға беріп жіберді
Depositphotos

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әзербайжан Өзбекстан билігінің сұрауымен президент Шавкат Мирзиёевтің абыройына нұқсан келтірді деген күдікке ілінген азаматты еліне қайтарды. Бұл жөнінде Әзірбайжанның Бас прокуратурасы ресми хабарлама таратты.

Ресми мәліметке сәйкес, күдікті – 1982 жылы туған Амонбек Юсупов есімді өзбекстандық азамат. Ол Өзбекстанда мемлекет басшысының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлады деген айыппен іздеуде болған.

Алайда Юсуповтың нақты не айтқаны немесе қандай әрекеті «қорлау» ретінде бағаланғаны туралы Бас прокуратура мәлімет таратпады. Белгілісі — ол биыл сәуір айында Әзербайжан аумағында ұсталған.

Қылмыстық істер бойынша халықаралық әріптестік аясында Юсупов арнайы күзетпен Ташкентке жеткізілді.

Материал авторы