1164

Астанада жүкті әйел дәрігерді 2 сағат күтіп, баласынан айырылып қалды (ВИДЕО)

Қансырап жатқан әйелге дәрігерлер көмекке келмей қойған.

Астанада жүкті әйел дәрігерді 2 сағат күтіп, баласынан айырылып қалды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы №2 көпсалалы облыстық ауруханада жүкті әйел уақытылы медициналық көмекке қол жеткізе алмай, сәбиінен айырылды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Манас көшесі, 22-үйде орналасқан ауруханада болған. Әйел қатты ауырсынған, қанды көп жоғалтқан. Жағдайы ауырлап, көмек сұрап жалынса да, дәрігерлер оған тек 1 сағат 45 минуттан кейін ғана келген.

«Ол қансырап жатты, жылады, көмек сұрады. Түсік тастау қаупі бар еді. Бірақ дәрігерлер назар аудармады. Бұл — сұмдық. Әйел тіпті аурухананың өзінде қауіпсіздікте бола алмай отыр», — деді палатадағы көршісі әлеуметтік желіде.

Аурухана әкімшілігі жағдайға байланысты түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеріс жүргізілуде. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданып, ресми түсініктеме беріледі», — делінген №2 көпсалалы облыстық аурухана таратқан ақпаратта.

Материал авторы