Шуда мектеп «завучы» ауылдастарын тонаған

28.07.2025, 15:15
294
Шуда мектеп «завучы» ауылдастарын тонаған SHUTTERSTOCK

Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары сұғанақ боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының Шу ауданында мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары бірнеше ауыл тұрғынының алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлап, оларды Тараздағы базарда сатқан.

Полиция мәліметінше, 23 шілдеде тұрғындардың бірі кезекші бөлімге шағым түсіріп, белгісіз біреудің үйіне терезе арқылы кіріп, жалпы құны 2,9 миллион теңге болатын алтын әшекей мен қолма-қол ақшаны ұрлап кеткенін айтқан.

Көп ұзамай полицейлер 33 жастағы Шу ауданының тұрғынын ұстады. Ол мектепте завуч болып жұмыс істейтіні анықталды. Үйін тінту кезінде жәбірленушілерге тиесілі ақша мен алтын бұйымдар табылған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлімі 3-тармағы бойынша (тұрғын үйге заңсыз кіріп жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың жалпы құны 3 миллион 450 мың теңге болатын жеті бірдей ұрлыққа қатысы бары белгілі болды. Күдікті өз кінәсін мойындаған.

Димаштың әні алғаш рет Radio Disney эфирінде шырқалды Kaspi Travel қолданушысына ұшу күнін қате көрсеткені үшін 24 млн теңге айыппұл салынған (ВИДЕО) Трамп: «Мен болмасам, әлемде алты ірі соғыс жүріп жатар еді» Алматы облысында 13 жастағы қызды дәрі беріп зорлаған Қазақ футболшысы түркиялық Бешікташ клубынан кетті Ресейдегі ең ірі әуе компаниясына хакерлік шабуыл жасалып, 50-ге жуық рейс тоқтап қалған Атырауда терезесін қараңғылағандар жазаланып жатыр «Жұмбақ»: Кремль Путиннің күн тәртібінде телефонмен байланысы туралы мәлімдеме жасады Шуда мектеп «завучы» ауылдастарын тонаған «Әртіс суретке түсуге міндетті емес»: Баян Мақсатқызы әнші Жұбаныш Жексенұлын қолдады «Пышақпен қорқытып, зорлағанын видеоға түсірді»: Астанада студент қызды қатарласы бірнеше ай бойы зорлап келген Астанада жүкті әйел дәрігерді 2 сағат күтіп, баласынан айырылып қалды (ВИДЕО) Трамп Путинге Украинаның бір бөлігін «табаққа салып» ұсынып отыр – Австрия СІМ басшысы күтпеген мәлімдеме жасады NIS ауыл мектептерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды «Көк жигули» мен «18 бен 25» әндерінің авторы Англияда құлпынай теріп жүр Ақтауда жалаңаш ер адам балалардың бөлмесіне кіріп кеткен (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшырады: Екі адам қаза тапты Автобуста ерекше баланы «Ақымақ!» деп балағаттаған әйелге қатысты арнайы комитет пікір білдірді 28 шілдеге арналған ескерту ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды