1024

Атырауда терезесін қараңғылағандар жазаланып жатыр

400-ге жуық жүргізуші жазаланған

Атырауда терезесін қараңғылағандар жазаланып жатыр
azh.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда автокөліктердің заңсыз күңгірттелген әйнектеріне қарсы рейдтер қайта жанданды. Патрульдік полиция жүргізушілерді жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға шақырады. Бұл туралы azh.kz жазды.

«Жол-көлік оқиғаларының көбі нашар көріну жағдайында болады. Ал жүргізуші көлігінің әйнектерін өзі тұмшалап алса, қауіп бірнеше есеге артады. Әсіресе алдыңғы және бүйірлік терезелерді күңгірттеу өте қауіпті», – дейді патрульдік полиция қызметкерлері.

Олардың айтуынша, мұндай әрекеттер көлікті заңсыз қайта жабдықтауға жатады.

Биылдың өзінде Атырау қаласында шамамен 400-ге жуық құқық бұзушылық тіркелген. Барлық жүргізушіге әкімшілік жауапкершілік жүктелді, кейбірі мұндай ережені бірнеше рет бұзған.

Полиция заңсыз «модернизацияға» жол бермеу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір бөлігі екенін ескертеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор