Трамп: «Мен болмасам, әлемде алты ірі соғыс жүріп жатар еді»

28.07.2025, 18:50
556
Трамп: «Мен болмасам, әлемде алты ірі соғыс жүріп жатар еді» Carlos Barria/ REUTERS

Трамп өзінің даналығымен мақтанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің халықаралық қақтығыстарды тоқтатудағы рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, егер өзі болмағанда, қазіргі таңда әлемде кемі алты ірі соғыс жүріп жатқан болар еді.

Бұл туралы Трамп Шотландияда журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ тарапынан сауда келісімін жасау үшін елдерге бітімге келу талабын қойған. Бұл талапты Камбоджа мен Таиланд, сондай-ақ Руанда мен Конго Демократиялық Республикасы орындаған.

«Егер мен болмасам, алты ірі соғыс басталып кетер еді. Біз Камбоджа мен Таиланд арасындағы соғысты бір күнде тоқтаттық», — деді Трамп. Ол бұл екі ел арасындағы келісімге АҚШ-тың делдал болғанын жеткізді.

24 шілде күні Камбоджа мен Таиланд шекарасында Тамоантхом, Тамоантауч және Такрабей храмдары маңындағы даулы аумақ үшін қақтығыс басталған болатын. Үш күннен кейін Камбоджа премьер-министрі Хун Манет атысты тоқтату туралы шешім қабылдағанын хабарлап, АҚШ президентінің делдалдық рөлін атап өтті.

Куала-Лумпурде өткен келіссөздер нәтижесінде тараптар тәуліктің ішінде атысты тоқтатуға келіскен.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды