Науқас ұлына жиналған 1,3 млрд теңге ақшаны жымқырған Тотақановтарға қатысты тергеу аяқталды

29.07.2025, 09:19
239
Науқас ұлына жиналған 1,3 млрд теңге ақшаны жымқырған Тотақановтарға қатысты тергеу аяқталды бейнежазбадан

Баласына шетелде қымбат ота жасату үшін қаражат жинап, оны құмар ойынына, көліктер мен үйлерге жұмсаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ұлдарының еміне ақша жинап, елдің жанашырлығын пайдаланған ерлі–зайыптылар 1,3 миллиард теңгеден астам қаржыны жеке бас пайдасына жұмсаған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті хабарлады.

Толқын Тотақанова мен Дәулет Тотақанов Instagram және Facebook желілерінде әсерлі бейнероликтер мен жазбалар жариялап, баласына шетелде қымбат ота жасату үшін қаражат жинаған. Оларға арналған жарнама науқаны мақсатты аудиторияға дәл бағытталған – әлеуметтік желідегі қолданушылардың жүрегін елжіретіп, мыңдаған адамның қолдауына ие болған.

Алаяқтық сызбасы
Тергеу материалдарына сәйкес, жиналған 1,3 млрд теңгенің небәрі 6,4 миллион теңгесі ғана баланың еміне жұмсалған. Ал қалған сома елордалық жылжымайтын мүлікке, көліктерге және құмар ойындарға кеткен. Тергеу барысында олардың Астанадан үш пәтер мен жер телімін, сондай-ақ бес автокөлік сатып алғаны анықталған.

Сонымен қатар, ерлі–зайыпты Meta Ads жарнама құралдарын пайдаланып, әлеуметтік желідегі парақшаларын ілгерілету үшін 481 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған. Бұл өз кезегінде алаяқтық арқылы ақша жинау ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік берген.

Жалған ота және алдаудың шырқау шегі
Күдіктілер шетелдік клиникада – Түркиядағы LIV Hospital-да 84 миллион теңгеге ота жасатамыз деп жариялаған. Алайда бұл операция ешқашан жасалмаған. Соған қарамастан, олар Instagram желісінде әуежайда түсірілген видеоны жариялап, «операция сәтті өтті» деген жазбамен елді алдауды жалғастырған.

Тергеу басталғанын естіген соң, олар жымқырылған активтерді жасыруға тырысқан. Мәселен, жер телімін үшінші біреудің атына жазып берген, бірақ кейін бұл мәміленің жалған екені дәлелденіп, мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі жағдай
Күдіктілерге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жіберіліп, қазіргі уақытта қаралуда.

Айта кетейік, ҚР Конституциясына және Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енбейінше, кез келген адам кінәсіз деп есептеледі.

Шымкентте таксист америкалық журналисті зорламақ болды «Қайынсіңілімді ертіп жігітпен кездесуге бардым»: Психолог Мақпал Қаратай бұрынғы күйеуін қыдыруға жібергенін айтты Жамбылда зейнеткер кішкентай баланы шапалақпен тәрбиелемек болғаны үшін өзі жазаланды 500 келі салмақпен танымал болған әйел көз жұмды Оралдағы спорт мектебінде 5 жасар бала көз жанарынан айырылды Маңғыстауда жүк көлігінің жүргізушісі полицейден қашқан (ВИДЕО) Астаналықтар автобуста ақша сұрайтын жастардан шаршағанын айтты Түркістанда бірнеше қызға азғындық жасаған ер адам небәрі 2,5 жылға сотталған Келіссөздер далбаса болғаны ма? Ресей Украинаға тағы да әуеден соққыға жасап, 21 адам қаза тапты Астанадағы аурухана дәрігерлері жүкті әйел туралы жазған адамды сотқа бермек Самарқанда ресейлік әйел өзін таксист зорлады деп айыптады «Әкімнің қызын түсірді»: Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзованың арасындағы дау қайта ушықты Газа билігі Израильді гуманитарлық көмекті әдейі тонатты деп айыптады «Қолымды былғағым келмейді»: Танымал дзюдошы израильдікпен белдесуден бас тартты Алматыда күзетшіні өлтірген экс-депутаттың ұлына марқұмның әйелі қатаң жаза сұрады Каспий теңізінде жер сілкінді Атырау әкімдігі сотта McDonald’s-тен жеңіліп қалды Forbes тізіміндегі миллиардерлерге тиесілі кәсіпорында өрт болып, адам қаза тапты Бұрын-соңды болмаған табиғат апаты – Маңғыстаудағы Шетпе ауылыы су астында қалды (ВИДЕО) Қытай бала туғандарға ақша төлеп жатыр