Ер адам мас күйінде ұйықтап жатқан әйелін пышақтап өлтірді

Азиз Қалижан Редактор
29.07.2025, 10:50
914
Ер адам мас күйінде ұйықтап жатқан әйелін пышақтап өлтірді istockphoto.com

Бала тәрбиесіне салғырт қарадың деп айқай шығарған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстандағы Алмалық қаласында ер адам мас күйінде әйелімен жанжалдан кейін оны ұйықтап жатқанда өлтірген. Бұл ақпаратты Өзбекстан Бас прокуратурасы растады.

Тергеу мәліметінше, қайғылы оқиға 27 шілдеге қараған түні «Олтин» махалласында болған. 33 жастағы ер адам Ресейден жуырда ғана оралған. Ол 39 жастағы әйелімен бірге спирттік ішімдік ішіп отырып, жанжал шығарған. Ер адам әйелін араққа әуестік танытып, бала тәрбиесіне салғырт қарайды деп айыптаған.

Кейін, әйелі ұйықтап қалған кезде, ол ас үй пышағын алып, бірнеше мәрте соққы жасаған. Әйел сол жерде тіл тартпай кеткен.

Аталған факті бойынша Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 97-бабы, 2-бөлігінің «в» және «ж» тармақтары (қасақана адам өлтіру — аса қатыгездікпен және жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып жасалған) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды