Алматыда ес-түссіз көшеде жатқан жасөспірімдер жұртты шошытты

29.07.2025, 11:11
679
Алматыда ес-түссіз көшеде жатқан жасөспірімдер жұртты шошытты бейнежазбадан

Олар есірткінің немесе ішімдіктің кесірінен осындай күйге түскен болуы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Арбатында ес-түссіз күйде жатқан жасөспірімдер жұртты дүр сілкіндірді. Оқиға куәгерлері көріністі видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Желіде тараған бейнежазба қоғамның наразылығын тудырды. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметі жеткізді.

Алматы қаласының балалар омбудсмені Диана Ерланның мәлімдеуінше, екі жасөспірім алкогольден уланған деген күдікпен қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ал қалған үш балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Полиция тексеру жүргізіп жатыр

Полиция департаменті болған жайтқа қатысты тексеру басталғанын хабарлады. Құқық қорғау органдары жасөспірімдердің кіммен бірге ішімдік ішкенін, алкогольді қайдан алғанын анықтауға кіріскен.

— Қазіргі уақытта тексеріс жалғасуда. Полиция ата-аналарға ескерту жасайды: кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі үшін бірінші кезекте ата-ана жауапты, — деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ата-аналар мен сатушылар жауапқа тартылуы мүмкін

Жасөспірімдерді қараусыз қалдырғаны үшін олардың ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды. Ал алкогольді заңсыз сатқан тұлғалар анықталса, олар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша жауапқа тартылады.

— Кәмелетке толмағандарға ішімдік сатқан кәсіпкерлер 40 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Егер бұл әрекет қайталанса, айыппұл 80 АЕК-ке дейін көтеріледі. Сонымен қатар, кешкі 21:00-ден таңғы 12:00-ге дейін алкоголь сату заңмен тыйым салынған, — дейді заңгер Смағұл Файзулла.

Жасөспірімдерге тек ішімдік емес, есірткі де қолжетімді болып барады

Заңгерлердің айтуынша, қазір телеграм арналары мен жасырын чатты топтарда алкогольден де қауіпті заттар — синтетикалық есірткі, психотропты ұнтақтар еркін сатыла бастады.

Ішкі істер министрлігі есірткі сатқан тұлғалар 12 жылға дейін, ал абайсызда есірткі алған жасөспірімнің өзі 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды