920

Каспий теңізінде жер сілкінді

Жер сілкінісі 13 шақырым тереңдікте болған.

Каспий теңізінде жер сілкінді
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін, 29 шілде күні таңғы сағат 06:07-де Каспий теңізінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмологиялық қызмет орталығы.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 3-ке тең. Эпицентрі 40,43° солтүстік ендік пен 51,60° шығыс бойлықта тіркелген. Жер сілкінісі 13 шақырым тереңдікте болған.

Қазіргі уақытта жапа шеккендер мен зардаптар туралы ақпарат жоқ.

Материал авторы