712

Келін қарыздан құтылу үшін енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп жіберген

Қосшылық келін енесінен қулығын асырған.

Келін қарыздан құтылу үшін енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп жіберген
SMARTNEWS.KZ / ChatGPT нейрожелісі өңдеген

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысының Қосшы қаласында келін енесінің алтын әшекейін сатып, қылмысты жасыру үшін үйіндегі заттарды әдейі шашып, жалған ұрлық оқиғасын ойлап тапқан. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

Тергеу барысында белгілі болғандай, азаматша енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп, алған ақшасына құрбысына қарызын қайтарған. Кейін бұл әрекетінен енесінің күмәндануынан қорқып, үйіндегі заттарды әдейі бүлдіріп, ұрылардың кіргенін көрсету үшін полицияға жалған шағым түсірген.

Алайда Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен және полиция тергеушісінің кәсіби жұмысының нәтижесінде жалған қылмыс тез арада ашылды.

Нәтижесінде келін ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 2-бөлігі («Қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура мұндай әрекет үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Материал авторы