SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның танымал әншісі Zeboyi Jahon (шын есімі – Зебинисо Носирова) отбасылық жанжал кезінде күйеуінің қолынан мерт болды.
Оқиға 26 шілде күні Самарқанд облысының Тайлак ауданында болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам балаларына келіп, әйелімен жанжалдасып қалған. Сол сәтте ол әйелін тұншықтырып өлтірген деген күдікке ілінді. Қазір ер адам қамауда, оған қасақана кісі өлтіру бабы бойынша іс қозғалды.
Марқұм 34 жаста еді. Үш ұлдың анасы болған. Жақын туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында бұрыннан бері түсініспеушілік болған. Әншінің ағасы берген сұхбатында күдіктінің бұған дейін де басқа қылмысы үшін түрмеде отырғанын, ал қарындасының мұндай тағдырға лайық болмағанын айтқан.
Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, қазір күдікті 32 жаста. Тергеу амалдары жалғасуда.
RUS