SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда 17 жастағы қыздың мысықтың денесін бөлшектеп, оны видеоға түсірген сәті қоғамда үлкен резонанс тудырды. Желідегілер бұл әрекетке шүйліксе, құқық қорғаушылар тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы Устинка LIVE жариялады.
Жасөспірім түсірген видеода ол ауыр сөздер айтып, күліп, мысықтың «томпақ» болғанын айтып мәз болады. Видео авторы:
«Қазір мұзын ерітіп алам да, қалай бөлшектеп жатқанымды түсіріп, фотоларын жолдаймын», — дейді.
Кадрдағы көріністерді сипаттау қиын: бұл – балалар мен жүкті әйелдерге көруге болмайтын ауыр контент. Видео желіде тарағаннан кейін жұрт жасөспірімді заң аясында қатаң жазалауды талап етіп, полицияға шағымданған.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті — 17 жастағы қыз. Ол ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.
«Жасөспіріммен және заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, әрекетінің заң алдында қандай жауапкершілікке апаратыны түсіндірілді. Материал кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды», — делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, полиция қызды бір тәулікке жуық іздеген. Себебі ол Риддер қаласынан басқа өңірге отбасымен бірге көшіп кеткен.
RUS