Ақтауда әйел адам көпқабатты үйден құлап, қоқыс контейнеріне түсті
Марқұмның үстінде қызметтік формаға ұқсас киім болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға 27-шағынаудандағы №4 үйде болған.
Куәгерлердің айтуынша, 29 шілде күні кешкі сағат 19:00 шамасында олар қатты соққы дауысын естіген. Кейін белгілі болғандай, әйел адам тоғызқабатты үйдің кіреберісіндегі қоқыс контейнеріне құлап түскен.
Жергілікті тұрғындар марқұмның үстінде қызметтік формаға ұқсас киім болғанын жеткізді: қара түсті колготки мен қою көк көйлек. Осыған байланысты ол құқық қорғау органдарының немесе басқа да мемлекеттік мекеменің қызметкері болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Бұл ақпарат әзірге тексеріліп жатыр.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Маңғыстау облыстық полиция департаментінен ресми түсініктеме күтілуде.
Айта кетейік, бұған дейін, 20 шілдеде 5-шағынауданда бір ер адам шатырдан жалаңаш күйінде секіріп кеткенболатын. Оқиға кезінде құтқарушылар оған жетуге тырысқан еді. Кейін оның кім екені анықталды.
Материал авторы