Алматыда шөпті жасыл түске бояған жұмысшылар желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
30.07.2025, 17:46
919
Алматыда шөпті жасыл түске бояған жұмысшылар желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО) бейнежазбадан

Әкімдік мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласының тұрғындары Шығыс айналма жолының бойында сарғайған шөпке жасыл түсті сұйықтық шашып жүрген коммуналдық қызметкерлердің әрекетіне таңданыстарын жасырмады. Бұл сәт түсірілген видео желіде кең тарап, қызу пікірталас тудырды.

Кадрлардан жұмысшылардың қураған шөптің үстіне жасыл түсті сұйықтықты бүркіп жүргенін анық көруге болады. Бұл әрекетті желідегілер бірден сынға алды: бірі «шөп бояп жатыр» десе, енді бірі «көзбояушылық» деп бағалады.

Алайда Медеу ауданы әкімдігі бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме беріп, бұл жай ғана бояу емес екенін мәлімдеді.

«Биылғы қуаңшылықты ескере отырып, Медеу ауданында көгалдың эстетикалық келбетін сақтау үшін құрамында тыңайтқыштар бар, тағамдық бояғыш қолданылады. Бұл — органикалық пигменттерге негізделген, адамдар мен жануарларға зиянсыз құрал. Ол шөпке жасыл реңк беріп, ұқыпты көрініс сақтауға көмектеседі», — деп хабарлады әкімдік.

Сонымен қатар, бұл әдіс көптеген елдерде, әсіресе климаттық жағдайы қолайсыз аймақтарда жиі қолданылатыны айтылды.

Мамандардың айтуынша, бұл — жай бояу емес, шөптің өсуіне көмектесетін гидросебу әдісі. Ол су, тыңайтқыш, шөп тұқымы мен арнайы желімқос қоспадан тұрады. Мұндай технология кеуіп кеткен жерлерді қалпына келтіру және көгалдың қайта өсуі үшін қолданылады.

Гидросебу — бүкіл әлемде танылған әдіс. Әсіресе қуаң, топырағы нашар және еңісті жерлерде көгал өсіру мақсатында кең қолданылады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды