SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер әрі әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желі арқылы халыққа алаяқтардан сақ болуға шақырды. Оның айтуынша, Қайраттың көмекшісінің нөміріне белгісіз себеппен адамдар 500 мың теңгеден ақша аударып жатқан көрінеді.
«Қайраттың парақшасындағы көмекшісінің нөміріне 500 мыңнан тоқтамай ақша түсіп жатыр. Қайтарып үлгере алмай отырмыз. Алаяқтар қандай да бір ойын ұйымдастырып, елді шатастырып қойған сияқты. Мүмкін, адамдар қателесіп, сол нөмірге ақша аударып жатқан болар. Бірақ, нақты айтарым — Қайрат елден ақша жинатпайды! Өз парақшасынан басқа ештеңеге сенбеңіздер, алданып қалмаңыздар!» – деп жазды Айдарбекова.
Продюсер көпшілікті сақ болуға шақырып, тек ресми парақшаларға ғана сенуге кеңес берді.
RUS