Арал ауданында «Таза Қазақстан» жобасы аясында кең ауқымды экологиялық жұмыстар жүргізілуде

31.07.2025, 09:30
168
Арал ауданында «Таза Қазақстан» жобасы аясында кең ауқымды экологиялық жұмыстар жүргізілуде

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы шеңберінде Қызылорда облысы, Арал ауданында санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындар үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар атқарылып жатыр.

Соңғы жылдары ауданда инфрақұрылымдық жобалармен қатар құрылыс жұмыстары да қарқынды жүріп, көптеген нысандар халық игілігіне берілді. Атап айтқанда, Арал қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен кіре беріс қақпа күрделі жөндеуден өтіп, жаңаша кейіпке енді.

Соңғы үш жылдың ішінде 104 млн теңгеге қаладағы 6 көппәтерлі үй жөнделіп, соның бірі — 16 пәтерлі үй биыл толық аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қаланың кіреберіс қақпасын жаңарту үшін 15,7 млн теңге бөлініп, оның сыртқы бөлігі жаңартылып, ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендірілді, жарық шамдары қайта орнатылды.

Ауданға қарасты елді мекендер арасында санитарлық тазалық пен көркейтуге баса назар аударып, жайлы орта қалыптастырған елді мекендердің бірі — Аманөткел ауылы. Ауыл 2024 жылы өткен «Үлгілі елді мекен» байқауында III орын иеленді.

Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі — балық және мал шаруашылығы. Сонымен қатар, заманауи технологияға негізделген тамшылатып суару әдісі арқылы егін шаруашылығы да дамып келеді. Елді мекеннің бес көшесіне асфальт төселіп, жеті көшеге түнгі жарық шамдары орнатылған.

Ауылда 7000-ға жуық қаратал, терек және жеміс-жидек ағашы бар саябақ бар. Сондай-ақ «Тағзым» алаңы мен «Нұртуған» кесенесі аумағында 300-ден астам ағаш көшеті отырғызылып, тұрақты түрде күтіп-бапталуда. Биыл әлеуметтік нысандардың аумағына қосымша 1000-ға жуық ағаш көшеті егілді.

2025 жылы Арал ауданындағы республикалық, облыстық және аудандық жолдар бойында жасыл белдеу жасауға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Осыған сәйкес, Аманөткел ауылының кіреберіс жолының бойынан 0,5 гектар жерге жасыл белдеу отырғызылып, алғашқы кезеңде 200 түп терек және қаратал ағашы егілді. Жоба 2025–2026 жылдары көктем-күз мезгілдерінде демеушілік арқылы жалғасады.

Сонымен қатар, Арал қаласындағы тарихи және сәулет тұрғысынан маңызы бар — Арал теңізі станциясының вокзал ғимаратын қалпына келтіру мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл нысан тарихи-мәдени ескерткіш ретінде мемлекет меншігінде тіркелген. Құрылыс жұмыстары болашақта нақтыланатын болады.

Мирас Жүгінісов басы дауға қалған ағасы үшін халықтан кешірім сұрады Семейде қызды түн ішінде көлікке күштеп отырғызған ер адам жазаланды (ВИДЕО) Жасырын діни мектептер әшкере болды: балаларды сабап, ата-аналардан ақша алған Сара Назарбаева үш айға жуық уақыт бойы ауруханада ем қабылдап жатыр Ресей Сирия аумағын геосаяси қақтығыс алаңы ретінде пайдалануға қарсы екенін жеткізді Семейде әйел күйеуін көсеумен ұрып тастаған АҚШ сенаторлары Украинаға $54,6 млрд доллар көлемінде көмек бөлуді ұсынды eGov.kz және басқа да мемлекеттік сервистерге қол жеткізу уақытша шектеледі Ресейден экспортталған электр энергиясының жартысы Қазақстан мен Қырғызстанға тиесілі боп шықты Батыс елдері Иран арнайы қызметтерінен төнетін қауіптің күшейіп жатқанын мәлімдеді 1 тамыздағы ауа райы болжамы: өрт қаупі мен найғазай «Сен мені кешірші»: белгілі директор Ақмоншақ Нұртазаның қызы студияда жылап қалды «Әйелім кетіп қалды»: Жахан Отарғалиевтың жазбасы жұртты елең еткізді «Ауғанстанға көшіп кет»: Баян Алагөзова мешітте қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовке шүйлікті Басы дауға қалған Жанқош Тұраров шаршы алаңға қайта оралмақ Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салып бермек Жаңа көлік министрі пойыздардың кешігуін тоқтатамын деп уәде берді «Небәрі 8 ай бұрын үйлендік»: Жоғалған тікұшақтағы ұшқыштың жары жүрек тебірентер жазба жариялады Астанада ер адам саябақта жалаңаш серуендеймін деп қамауға алынды (ВИДЕО) «1 жасар баланың жүрегі тоқтап қалған»: Павлодарда анасы терезеден лақтырған балалардың жағдайы белгілі болды