SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Баян Алагөзова (Мақсатқызы) мешіт ішінде бір реттік некеге тұруды ұсынған әнші Рүстем Жүгінісовтің әрекетіне ашуын білдіріп, уәкілетті органдардан шара қолдануды талап етті.
Продюсер Instagram парақшасында Жүгінісовтің әрекеті әйелдердің құқықтарын шектеуге бағытталғанын жазып, оны қатты сынға алды.
«Никах деп қыздан бір реттік жыныстық қатынас сұрап тұр. Ең сорақысы – әнші Рүстем Жүгінісов қыздарға “жалғыз жүрмеңдер, күйеусіз немесе бауырларыңмен бірге жүріңдер” деп кеңес беріп отыр. Бұл – әйелдердің еркін қозғалу құқығын шектеу. Біз шариғатпен емес, заңмен өмір сүретін мемлекетпіз. Қыз болсын, әйел болсын – өзі қалаған жерге баруға құқылы. Айтқан сөзіңіз үшін жауап бересіз бе? Ұнамаса, Ауғанстан, Иран не Араб елдеріне көшіп кетіңіз», – деді ол.
Еске салайық, дау Эммануелла есімді бойжеткеннің жазбасынан кейін өршіді. Оның айтуынша, Рүстем Жүгінісов интимдік қатынас үшін «бір реттік неке» ұсынған. Қыз бұл туралы мешіт пен тиісті органдарға хабарлаған.
«Нәтижесінде ол адамның ақыл-есі дұрыс емес екені, психиатриялық есепте тұратыны және “сары анықтамасы” бары анықталды. Бірақ ол зиян келтіргенімен, заң жүзінде жауапқа тартылмайды екен. Сондықтан мұндай адамдардан аулақ болыңыздар. Алла оған шипа берсін», – деп жазды бойжеткен.
RUS