«Әйелім кетіп қалды»: Жахан Отарғалиевтың жазбасы жұртты елең еткізді
Анам екеуміз қалдық делінген хатта.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында жариялаған жазбасымен елді ойға қалдырды. Ол өзіне қиын жағдаймен хабарласқан азаматтың оқиғасын бөлісті.
«Ажырасам болды. Әйелім кетіп қалды. Анам екеуміз қалдық. Депрессиядамын. Баламды әйелім алып кетті. Бәрінен шаршадым», – деп жазған азаматпен Жахан 15 минут сөйлескенін айтты.
«Мен психолог емеспін, бірақ барынша қолдау білдіруге тырыстым. Көп ұзамай әлгі азамат қайта хабарласты. Әйелі жүкті екен. Екеуі татуласқан. Дүниеге келетін ұлына менің есімімді қоймақ. Бұйырса, тағы бір Жахан өмірге келеді. Бір ауыз сөз бір адамның тағдырын өзгертуі мүмкін екенін алғаш рет сезіндім. Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді екен», – деді әзілкеш.
Айта кетейік, Жахан Отарғалиев бұған дейін әнші Балжан Бидашпен отасып, кейін ажырасқан. Кейінірек екі қызы бар әйелмен шаңырақ көтеріп, 2024 жылдың басында үшінші рет үйленгенін жариялаған. Жеке парақшасында бала тәрбиелеп жүрген сәттерін де жиі бөлісіп жүр.
«Мен тек баласы бар келіншек аламын деп тілегенмін. Алла сұрағанымды берді», – деп жазған болатын актер.
Материал авторы