Димаш Құдайбергеннің қарындасы тұрмысқа шықты: қос әулет құдалық өткізіп, батасын берді (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
01.08.2025, 15:15
6757
Димаш Құдайбергеннің қарындасы тұрмысқа шықты: қос әулет құдалық өткізіп, батасын берді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Димаштың әжесі Миуа апа немересіне батасын берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген мен театр әртісі Ермахан Айымхан шаңырақ көтерді. Қос тарап құдалық өткізіп, жас жұбайларға ақ батасын берді.

Той барысында Құдайбергендер әулетінің ақ жаулықты анасы — Димаштың әжесі Миуа апа немересіне жүрекжарды тілегін арнады:

«Менің кішкентай құлыншаңым, кезінде алақаныма салып өсірген немерем, енді бойжетіп, 24 жасқа келді. Бүгін ол өзінің сүйіктісін тауып, жаңа отбасын құрып, өз ошағын жақты. Ермахан екеуі бақытты өмірге алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Бақытты болсын, барлық арман-тілектері орындалсын», — деді Миуа апа.

Салтанатты басқосуға қос әулеттің үлкендерімен қатар, өнер иелері мен отбасы жақындары да жиналды. Қонақтар жас жұбайларға ақ тілегін жаудырып, қуаныштарына ортақтасты.

Жанкүйерлердің айтуынша, Раушан Құдайберген жақын күндері ұзатылмақ. Ал әзірге жастар өздерінің қуанышты сәттерінен бейнематериалдармен бөлісіп, жұрттың ықыласына бөленіп жатыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды