SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шілде айында теңгенің күрт құнсыздануын тежеу үшін Ұлттық банк 125,6 миллион доллар көлемінде валюталық интервенция жасады. Бұл туралы қаржы реттеушісі валюта нарығына қатысты есебінде мәлімдеді.
Ресми мәліметке сәйкес, бір айда теңге долларға шаққанда 4%-ға әлсіреп, 540,72 теңгеге дейін түскен. Осы аралықта KASE-дегі сауда көлемі 5,7 млрд долларды құрады.
Бюджет тапшылығын жабу және «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының құрылысына қаржы бөлу мақсатында Ұлттық қордан шілде айында 700 миллион доллар сатылған. Тамызда тағы 400–500 миллион доллар сату жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «айна» операциясы аясында 290 миллиард теңгеге шетел валютасы сатылмақ.
— 30 шілдеде валюта нарығындағы өтімділіктің күрт төмендеуі мен алыпсатарлық қысымның күшеюіне байланысты Ұлттық банк 125,6 миллион доллар көлемінде интервенция жасады. Бұл шешім нарықтағы алыпсатарлықты тежеуге және өтімділікті қалпына келтіруге мүмкіндік берді, — деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Сонымен қатар, шілде айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) үшін 35 миллион доллар сатып алынған. Тамызда мұндай операция жоспарланбаған, себебі қазіргі бағам кезінде қордың шетелдік активтері жоспарланған деңгейден асып тұр.
Ұлттық банктің араласуынан кейін 31 шілдеде доллардың бағамы 540,72 теңгеге дейін төмендеді. Бұған дейін, 30 шілдеде, АҚШ валютасы 550 теңге шегінен асып, жаңа психологилық межені бағындырған болатын.
RUS