Қазақстанда педофилдерді түрмеден шығар алдында кастрациялауы мүмкін

03.08.2025, 13:31
465
Қазақстанда педофилдерді түрмеден шығар алдында кастрациялауы мүмкін depositphotos.com

Министрлік ұсыныс тастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық жасаған қылмыскерлерге химиялық кастрацияны мерзімі аяқталмай тұрып жүргізуді ұсынды.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған жаңа түзетулер жобасына сәйкес, кастрацияны жазасын өтеуші бостандыққа шығардан алты ай бұрын бастау ұсынылады. Қазіргі заңнамада бұл шара сот шешімімен тек босатылған соң ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа ережелер бойынша, сот-психиатриялық сараптама жүргізіп, адамның қоғам үшін қауіптілігін және қылмысты қайта жасауға бейімділігін анықтау мақсатында қажетті медициналық қорытынды мен сотталушының мінездемесі жазаның аяқталуына бір жыл қалғанда сотқа жіберілуі тиіс.

Бұл шара кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасаған ересек адамдарға қолданылатын мәжбүрлі медициналық әдіс ретінде қарастырылуда.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі педофилдерді өмір бойы қадағалауға алу туралы бастама көтерген болатын. Бұл – құқық қорғау органдарына оларды түрмеден шыққаннан кейін де бақылауға мүмкіндік береді. Министрлік мұндай шаралар педофилдер тарапынан жасалатын қайталама қылмыстардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

«Қызылжар» жанкүйерлері бас бапкердің отставкаға кетуін талап етті Игорь Крутой Димаш Құдайбергеннің қарындасының ұзату тойында өнер көрсетті «Еркектің әрекеті қате»: Рүстем Жүгінісов қызды қаралағаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады Абай облысында 8 сотталған әйел рақымшылықпен бостандыққа шықты Қарағанды маңында мотоциклші полиция көлігіне соғылып көз жұмды Қырғызстан вице-министрі автобустың үстінде билеп, TikTok жұлдызына айналды (ВИДЕО) Қазақстанда педофилдерді түрмеден шығар алдында кастрациялауы мүмкін Ресейлік жұлдыздар Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертіне келген «Суицид болуы мүмкін»: Атырауда жоғалған жігіт өлі күйінде табылды «Томирис» фильмінің жұлдызы шетелге кетті Путин гипердыбыстық зымыранын Беларусьқа орналастырамын деп Украина мен Еуропаға қоқан-лоқы жасады Павлодарда терезеден лақтырған балалардың бірі көз жұмды 2 тамыздағы ауа райы: найзағай, бұршақ, дауыл және төтенше өрт қаупі күтіледі «Lexus RX 350 бұйырыпты»: Желіде 3 минуттық макияж жасап танылған блогер Айшолпан өзіне көлік сатып алды «Жеті айдан кейін үйленіп кетті»: танымал блогер Сабина бұрынғы күйеуіне қатысты ашық мәлімдеме жасады «Дұға жасап қойыңыздар»: Ердос Қанаев жол апатына түскен Нұрсұлтан ұстаздың жағдайына қатысты пікір білдірді Астанада жасөспірімдер жүріп бара жатқан автобусқа асылып алған (ВИДЕО) Ұлттық банк теңгені құтқару үшін 125 миллион доллар жұмсады Шымкентте 17 адам балмұздақтан уланып қалған Ердоған: Палестинаның тәуелсіздігін мойындауды қос қолдап қолдаймыз