5398

Қырғызстан вице-министрі автобустың үстінде билеп, TikTok жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Министрдің орынбасары қалалық автобусқа шығып тренд түсірген.

Қырғызстан вице-министрі автобустың үстінде билеп, TikTok жұлдызына айналды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда TikTok желісінде жаңа вирусқа айналған Aura Farming трендін елдің Көлік министрінің орынбасары Талантбек Солтобаев өзі бастап кеткендей. Ол TikTok-та қалалық автобустың төбесінде би билеп тұрған видеосын жариялады.

Кадрларда вице-министрдің артында қоғамдық көлік колоннасы тізіліп тұрғаны көрінеді. Солтобаев индонезиялық қайықтағы баланың биінен шабыт алған трендтің әйгілі қимылдарын дәл қайталап, бар ықыласымен орындаған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: біреулер шенеуніктің әзілқойлығына риза болса, енді біреулер мемлекеттік қызметкерге мұндай перформанс жараспайды деп сын айтты.

Сондай-ақ пікірлер арасынан Солтобаевтың Көлік министрлігіндегі қызметінен кетіп жатқаны белгілі болды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор