Абай облысында 8 сотталған әйел рақымшылықпен бостандыққа шықты

Аиса Махамбет Редактор
03.08.2025, 14:59
2751
Абай облысында 8 сотталған әйел рақымшылықпен бостандыққа шықты Абай облыстық ҚАЖД

Бостандыққа шыққандардың бірі алаяқтық дерегі бойынша сотталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысындағы әйелдер колониясынан 8 сотталған азаматша босатылды. Олар Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында еркіндікке шыққан, деп жазды Kazinform.

Абай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, өңірдегі әйелдер колониясында шамамен 400-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр. Солардың 130-ға жуығы рақымшылыққа ілінген.

— Бүгінгі таңда 8 әйел босатылды. Олардың басым бөлігі орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандар. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балалары бар екі сотталған әйелдің жаза мерзімі үштен бірге қысқартылды. Алдағы уақытта мекеме әкімшілігі ұсынған жағдайда тағы да сотталғандарға қатысты жеңілдік шаралары қарастырылуы мүмкін, — дейді департаменттің арнайы есеп бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Светлана Голикова.

Бостандыққа шыққандардың бірі алаяқтық дерегі бойынша 5 жылға сотталған екен.

— Бұл жылдар мен үшін өте ауыр болды. Түрмеде жатқанда үш немерем дүниеге келді. Олардың ешбірін көрген жоқпын. Жасаған ісіме қатты өкінемін. Жазамды өтеп жатқанда жақындарыма ешқандай көмегімді тигізе алмадым. Анам биыл 93-ке толды. Балаларым мен немерелерімді қатты сағындым. Үйге оралғаныма шын қуаныштымын, — деді әйел.

Еске салайық, Конституцияның мерейтойына байланысты жарияланған рақымшылық еліміз бойынша бірқатар сотталған азаматтарға жаза өтеу мерзімін қысқартуға немесе мүлде босатуға мүмкіндік беріп отыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді