«Еркектің әрекеті қате»: Рүстем Жүгінісов қызды қаралағаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады

Аиса Махамбет Редактор
03.08.2025, 15:40
5247
«Еркектің әрекеті қате»: Рүстем Жүгінісов қызды қаралағаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады бейнежазбадан

Біз зайырлы елде тұрамыз дейді Рүстем Жүгінісов.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбедегі мешіт ауласында орын алған даулы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Желіде тараған бейнежазбада ер адамның жас қызға қырындағаны көрініп, бұл іс қоғамның ашуын туғызды.

Оқиғадан соң полиция азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырып, іс сотқа жолданғанын мәлімдеді.

Бұған қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да пікір білдірді. ҚМДБ өкілдері ислам шариғатында әйел затына тіл тигізу, орынсыз пікір айту – мұсылмандық әдепке сай келмейтін әрі айыпталатын әрекет екенін баса айтты.

Аталған оқиғаға қатысты өнер иелері де үн қатып, пікір білдірді. Әнші Рүстем Жүгінісов өз парақшасында әйелдердің мешітке ағасымен немесе күйеуімен келуі керек деген көзқарасын жазған еді. Алайда бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырап, қоғам наразылығын тудырды.

Кейіннен әнші өз жазбасы жайлы түсініктеме беріп, көпшіліктен кешірім сұрады:

«Соңғы күндері тарап жатқан жазбаларыма қатысты түсініктеме бергім келеді. Бірінші жазбамда бұл жағдайда ер адамның әрекеті — толықтай қате екенін айттым. Бұл — айқын. Дінімізде «бір күндік неке» деген ұғым жоқ. Ал екінші жазбамда, өкінішке қарай, эмоцияның жетегінде кетіп, ойымды дұрыс жеткізе алмадым. Кей сөздерім қатты шығып кетті. Бұл — менің қателігім. Біз зайырлы елде тұрамыз. Әр адамның өз таңдауы бар. Ешкімге көзқарас таңуға тырысқан жоқпын. Барша шешімді құрметтеймін», — деп жазды ол Instagram желісінде.

Осылайша, әнші қоғам алдындағы сөзі үшін жауапкершілік алып, қателігін мойындады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды