Астанада балабақша тәрбиешісі баланың үйіне жалғыз кетіп қалғанын байқамай қалған (ВИДЕО)

04.08.2025, 10:25
2635
Астанада балабақша тәрбиешісі баланың үйіне жалғыз кетіп қалғанын байқамай қалған (ВИДЕО) бейнежазбадан

5 жасар бала «Еркежан» балабақшасынан өз бетімен шығып, үйіне дейін жеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы №90 «Еркежан» балабақшасында тәрбиешінің салғырттығынан 5 жасар бала мекеме аумағынан жалғыз кетіп қалып, үйіне қарай бет алған. Қауіпті жолдарды кесіп өткен бүлдіршінді анасы өзі іздеп тауып алған. Оқиға қоғамның қызу талқысына түсіп, ата-аналар тарапынан наразылық тудырды.

Бала анасының айтуынша, бейнебақылау жазбасында оның баласы сағат 15:34 шамасында топтан шығып, қайта бір сәтке кіріп, ешкім оны іздемегенін көріп, тыныш кете бергені анық байқалады.

— Бірінші қабатта отырған вахтер балаға жол көрсетіп тоқтатқысы келген, бірақ оның сыртқа бет алғанын көріп, әдіскерге хабар береді. Әдіскер барлық топтағы балалардың санын тексеріп шыққаннан кейін ғана тәрбиеші баланың жоқ екенін түсінген, — дейді баланың анасы.

Тәрбиеші алғашында баланы әкесі алып кетті деп айтқанымен, бұл мәлімет расталмаған. Бұған дейін де ата-аналар тарапынан осы тәрбиешіге байланысты шағымдар болған. Соған қарамастан, мекеме басшылығы оған тек ескерту беріп, жұмысын жалғастыруға рұқсат еткен.

Анасы баласын өз бетінше іздеуге шығып, оны бірнеше құрылыс алаңы мен қауіпті техникалар орналасқан аумақтан өткен кезде тауып алған.

— Осындай жағдайдан кейін де тәрбиеші өз кінәсін мойындамады. Тіпті ата-аналар чатына шығып, кешірім де сұрамады. Бұл оның жұмысқа, балалар мен ата-аналарға деген көзқарасын анық көрсетеді, — деп қосты ол.

Астана қаласы Нұра ауданының полиция басқармасы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады:

«Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінен түскен өтініш бойынша Нұра аудандық полиция бөлімі Астана қаласының Білім сапасын қамтамасыз ету департаментіне ресми ұсыныс жолдады. Онда балабақша қызметкерлеріне қатысты шара қолдану сұралған», — делінген хабарламада.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді