Алматыда жетімдер үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті
Қыздар бұған дейін де бірнеше рет өз бетінше кетіп қалған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қалалық Полиция департаменті балалар үйінен екі жасөспірімнің жоғалуына қатысты пікір білдірді.
Мәлімет бойынша, Бостандық ауданының полиция басқармасы «іздеу ісін» тіркеген. Қазір қыздардың жүрген жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.
«Бұған дейін де аталған кәмелетке толмағандар мекемеден бірнеше мәрте кетіп қалып, әр жолы полицияның көмегімен табылып, орнына жеткізілген. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында мекеме басшылығымен профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Тәрбиеленушілерге бақылауды күшейту қажеттігі ескертілген», — делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, Алматыдағы №1 балалар үйінен 2009 жылы туған Кристина Сергеевна Белгородская мен 2010 жылы туған Маргарита Даниловна Черепанова 18 шілде күні таңертең өз бетімен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Материал авторы