Бұл туралы Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
26 наурызда Теміртау қалалық соты күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
23 наурыз күні Теміртаудағы пәтерлердің бірінен екі жасар сәбидің мәйіті табылды.
Баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы жігіт кісі өлтірді деген күдікке ілінген. Ол келесі күні, 24 наурызда ұсталып, кінәсін мойындаған.