«Алматы жастары» бағдарламасы аясында берілетін пәтердің саны артады

27.03.2023, 20:25
483
«Алматы жастары» бағдарламасы аясында берілетін пәтердің саны артады

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1100 пәтер беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ Алматы филиалының директоры Данагүл Түсіпова мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«2017 жылдан бастап қаламызда «Алматы жастары» жеңілдетілген бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Ол барлық өңірлерде аймақтық бағдарламалардың іске қосылуына негіз болды. «Елорда жастары», «Алатау жастары» бағдарламалары бар. Мұнда әр аймақта несие беру шарттары әртүрлі. Мәселен, «Алматы жастары» бағдарламасы аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ, спорт, ғылыми-зерттеу институттары, құқық қорғау органдары сияқты жеті салада еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі жастарға несие беріледі»,- деді спикер.

Данагүл Түсіпованың айтуынша, биыл бағдарламаға өзгерістер енгізілмек.

«Қазір әкімдіктің мақұлдауын күтіп отырмыз. Бағдарламаның басталғанын кейін хабарлаймыз. Біз 1100 азаматқа несие беруді жоспарлап отырмыз. Бағдарлама шарттарына келсек, бастапқы жарна – 10 пайыз, мөлшерлеме – 5 пайыз, несие сомасы былтырғыдай 18 млн теңге болуы мүмкін», – деп түсіндірді спикер.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)