SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 18 шілде күні таңертең Бағанашылдағы атышулы балалар үйінен қашып кеткен екі жасөспірім қыз аман-есен табылды.
Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері 16 жастағы Кристина Белгородская мен 14 жастағы Маргарита Черепанованы Алматы облысы аумағынан тапқан.
«Қыздар Алматы облысында жүрген жерінен табылып, Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың қашу себептері анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жасөспірімдер қаладағы Қонаевқа күштеп көшіру жоспары жарияланардан бірнеше күн бұрын қашып кеткен. Бұған дейін оларды қазіргі тұрған ғимаратта қалдыруды бірнеше рет сұраған болатын.
Мәселенің ушығуына байланысты жағдайға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев араласқан еді. Президент көшіру процесін тоқтатып, балалар үйінің ескі ғимаратын жөндеуден өткізіп, оны қала балансына беруді тапсырды.