Жетісудағы Сарыөзек ауылы су астында қалды

05.08.2025, 12:28
539
Жетісудағы Сарыөзек ауылы су астында қалды бейнежазбадан

Тұрғындар тозығы жеткен инфрақұрылымды кінәлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында нөсер жауын салдарынан Сарыөзек ауылы су астында қалды. Бар-жоғы 30 минутқа созылған жауын салдарынан 50-ге жуық үйдің ауласы мен сегіз баспана суға толған. Құтқарушылардың айтуынша, мұндай көлемде жауын-шашын бұл өңірде соңғы он жылда болмаған. Бұл туралы КТК арнасы жеткізді.

 

Күшті су ағыны суағар құбырды жарып жіберген. Соның кесірінен жолдар шайылып, тұрғын үйлердің ішіне дейін су кірген. Ауыл тұрғындары суды шелектермен төгіп шығаруға мәжбүр болған. Кей жерлерде қоршаулар құлап, электр желілері зақымданған.

Құтқару қызметінің мәліметінше, тұрғындарға дауыл туралы алдын ала ескерту берілген. Бірақ осындай ауқымды апатқа ешкім дайын болмаған.

Ресми нұсқаға сүйенсек, тасқынға үйлердің іргетасы тым төмен орналасқаны себеп. Алайда тұрғындар бұл пікірмен келіспейді. Олардың айтуынша, негізгі проблема – ескі дренаж жүйесінде. Мұндай жағдайлар алғаш рет емес. Ауыл халқы бұрын да суағар жүйесін ауыстыруды сұраған.

Қазір ауылда құтқарушылар мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жергілікті жұртпен бірге қоқыс пен лайды тазартып, жағдайды тұрақтандыруда.

«Су басқан сәттен бастап оқиға орнына ТЖД, жеке құрам мен жергілікті әкімдік техникасы тартылды. Қазір де инженерлік техникамен аулалар тазартылып жатыр. Жауын-шашын мөлшері нормадан әлдеқайда көп түсті. Соңғы жеті-тоғыз жылда Сарыөзекте мұндай аномалия болған емес», — деді Кербұлақ аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Айбек Өмбетов.

Трамп: Мұнай бағасы тағы 10 долларға арзандаса, Ресей соғысты тоқтатуға мәжбүр болады Түркістанда мәдениет үйі өртеніп кетті Аман Қонысбековтің өзбек боксшысынан жеңілгеніне қатысты дау: Қазақстан ресми шағым түсірді Алматыда 76 жастағы әжені баспалдақтан итеріп жіберген Амантай қажы 2 жылға сотталуы мүмкін Атырауда 3 жастағы қыз бала балабақшадан миы шайқалып, қолы сынған күйде қайтты inDrive компаниясы такси жүргізушісінің сорақы әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады ЕО Израильге қарсы санкциялар енгізбейді: Газадағы соғысқа қатысты шешім кейінге қалдырылды «Мастурбация жасаған»: енді inDrive таксистері қызбен танысқысы келсе ауыр жазаланады Рамзат Қадыровтың 17 жасар ұлы Газа халқына көмек көрсету жобасын басқаратын болды Ақтөбелік балуанға — 20 бас жылқы: Жерлестері әлем чемпионын ерекше құрметтеді Атырау облысында түнде жоғалған қойшы табылды Қазақстанда «үй жанындағы дүкендердің» бағасы бақылауға алынады Қытайлық машиналарды ең көп сатып алатын елдердің қатарына Қазақстан кірді Жетісудағы Сарыөзек ауылы су астында қалды TikTok пайдаланушылардың әл-ауқатына арналған жаңа құралдарды іске қосады Құлыбаев пен ресейліктерге тиесілі 1,6 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды Бағанашылдағы балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдер табылды «Көппәтерлі үйді заңсыз салған»: Алматыда таунхаусты мәжбүрлі сүру кезінде үй иесі өзін өртемек болды (ВИДЕО) «Пакет ішінде жатып, мәйіті шіри бастаған»: Шымкентте 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты күдікке жасөспірім ілікті 5 тамыздағы ауа райы: найзағай, шаңды дауыл және аптап ыстық