Қытайлық машиналарды ең көп сатып алатын елдердің қатарына Қазақстан кірді

05.08.2025, 12:53
8719
Қытайлық машиналарды ең көп сатып алатын елдердің қатарына Қазақстан кірді Stefen Chow

Бірақ қытайлық көліктердің сапасына байланысты шағымдар да көбейген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың алғашқы жартысында Қытай Қазақстанға 77,6 мың автокөлік экспорттаған. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы Yicai басылымы жазды.

Осының арқасында Қазақстан қытайлық автокөліктерді ең көп импорттайтын 10 елдің қатарына енді. Ал керісінше, Ресей көшбасшылар қатарынан шығып қалды — бұл елге жеткізу көлемі 59 пайызға азайып, 171 мың көлікке дейін түскен. Сарапшылар мұны автокредит бойынша мөлшерлемелердің өсуімен және утилизациялық алымдардың қымбаттауымен байланыстырады.

Сондай-ақ Қытайдан Бразилияға жеткізу 7,9%-ға азайса, Мексика мен БАӘ импортты едәуір арттырған — тиісінше 31% және 59% өсім көрсеткен.

Жалпы, Қытай 2025 жылдың алты айында шетелге 3,08 миллион автокөлік жіберді. Оның 1,06 миллионы — электрлі көліктер (NEV). Экспорт көлемінің негізгі бөлігін Chery (544 900 дана) және BYD (443 100 дана) маркалары құрады. BYD компаниясы жеткізуді 118 пайызға арттырған.

Айта кетейік, Қытай көліктеріне сұраныс артқанымен, Қазақстанда олардың сапасына байланысты шағымдар көбейген. 2024 жылы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне осы мәселеге қатысты 57 арыз келіп түскен. Кей жағдайларда көлік иелері ақшасын қайтарып алуға немесе көлікті ауыстыруға сот арқылы қол жеткізген.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр