Ақтөбелік балуанға — 20 бас жылқы: Жерлестері әлем чемпионын ерекше құрметтеді

05.08.2025, 14:28
6804
Ақтөбелік балуанға — 20 бас жылқы: Жерлестері әлем чемпионын ерекше құрметтеді instagram.com/UnitedWorldWrestling

WhatsApp тобында шоғырланған 600-ге жуық ақтөбелік жылқышы чемпионды марапаттауды жөн көрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбелік Қуанышбек Жаңажол грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, туған жерінен зор қошеметке ие болды. Грекияның Афина қаласында өткен U17 біріншілігінде Қазақстан құрамасына жалғыз алтын әкелген жас балуанға жергілікті жылқышылар 20 бас жылқы сыйға тартты. Бұл туралы Sportbugin.kz жазды.

 
 

Қазақ спортының болашағы саналатын Қуанышбектің бұл жеңісі ел назарынан тыс қалған жоқ. «Қазағымның жылқысы» деген атпен бірігіп, арнайы WhatsApp тобында шоғырланған 600-ге жуық ақтөбелік жылқышы чемпионды марапаттауды жөн көрген. Сонымен қатар, оның екі бапкеріне бір-бір жылқы мен ақшалай сыйлықтабысталды.

Күрес жанашыры Данияр Ғалихановтың айтуынша, мұндай қолдау — жылқышылар қауымының бұрыннан қалыптасқан дәстүрі. Олар үлкен жарыстарда ел намысын абыроймен қорғаған қазақ спортшыларынжылқымен марапаттап келеді.

«Мақсатымыз – жастарды ынталандыру. Спортта нәтиже көрсету үшін қаншама еңбек керек. Біз осы еңбекті бағалаймыз. Қуанышбек – Афинада чемпион атанып, барша қазақтың мерейін өсірді. Сол үшін оған 20 бас жылқы сыйладық. Бұған дейін де әлем чемпиондары Ризбек Айтмұхан мен Нұрғожа Қайпановқа дәл осылай жылқы бергенбіз», — дейді Ғалиханов.

Оның айтуынша, бүгінге дейін 143 бас жылқы үлестірілген. Жылқышылар тек спортшыларды ғана емес, күрес ардагерлері мен жаттықтырушыларын да назардан тыс қалдырмай, қолдан келгенше қолдау көрсетіп келеді.

Айта кету керек, Ақтөбе өңірінің жылқышылары – ешқандай мемлекеттік қолдаусыз, өз еңбегімен күнелтіп жүрген ауыл азаматтары. Соған қарамастан, олар қазақтың намысты ұл-қыздарына құрмет көрсетуге келгенде жомарттық танытып отыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды