Атыраулық блогер Құндық Идрисованың ісі күрделене түсті: полицияға күш көрсетті деп айыпталды

06.08.2025, 12:53
2564
Атыраулық блогер Құндық Идрисованың ісі күрделене түсті: полицияға күш көрсетті деп айыпталды Атырау облысының ПД

Блогер кәсіпкерден ақша бопсалағаны айтылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда тергеу соты блогер Құндыз Идрисованы үйқамаққа шығару туралы өтінішті қанағаттандырмай, оны қамауда қалдыруға шешім қабылдады. Енді ол сотқа дейінгі тергеу аяқталғанша тергеу изоляторында отырады.

Бастапқыда Идрисоваға Қылмыстық кодекстің 194-бабы («Қорқытып алу») бойынша айып тағылған. Тергеу дерегінше, ол Instagram парақшасынан кәсіпкерге қатысты жағымсыз жазбаларды өшіру үшін ақша талап еткен.

Алайда кейін оған Қылмыстық кодекстің 380-бабы («Билік өкіліне күш қолдану») бойынша қосымша айып тағылды. Полиция өкілдерінің айтуынша, ұсталған кезде Идрисова қарсылық көрсеткен.

Жақын туыстарының сөзіне қарағанда, күш құрылымдары пәтерге ешқандай құжат көрсетпестен, аяқ киімдерін шешпей кіріп, балалардың көзінше Құндызды жерге құлатқан. Ол кезде Идрисова балаларының жанында болған.

— Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің «Қорқытып алу» және «Билік өкіліне күш қолдану» баптары аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, — деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаменті.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды