Қызылордада TikTok арқылы терроризмді насихаттаған әйел 7 жылға сотталды

06.08.2025, 15:35
2315
Қызылордада TikTok арқылы терроризмді насихаттаған әйел 7 жылға сотталды Қызылора облыстық полиция департаменті

39 жастағы әйел деструктивті діни идеологияны насихаттаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылордада 39 жастағы әйел әлеуметтік желіде терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудыратын контент таратқаны үшін сотталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Тергеу деректеріне қарағанда, әйел «TikTok» желісінде деструктивті діни идеологияны насихаттайтын аудио-бейнематериалдар жүктеп отырған. Ол діни алауыздық тудыру белгілері бар және терроризмді қолдайтын мазмұндағы жазбалар жариялаған.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті бірлесіп жүргізген жедел шаралар нәтижесінде күдікті ұсталды.

– Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру») және 256-бабы («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген полиция мәлімдемесінде.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді