«Оны біреу сатып алды»: Амантай қажы әйелдің құлауына қатысты пікір білдірді
Қайта келсем, ол шай ішіп отыр дейді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі қоғам белсендісі Амантай Асылбек әйелдің құлауына байланысты алғашқы рет түсініктеме берді. Ол бұл туралы Талғат Мұсабаевтың жаназасында журналистердің сұрағына жауап бере отырып айтты.
Оқиға шілде айының ортасында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода Амантай қажы бір ғимаратқа кіріп бара жатқан сәті түсіп қалған. Оның артынан әйел адам жерге құлап түседі. Көпшілік бұл оның итергенінен болуы мүмкін деген болжам айтқан.
Алайда Асылбектің айтуынша, ол әйелді итермеген.
– Мен жай ғана қолымды сілтеп өттім. Ол өзі құлады. Мүмкін, ол өзін ұстап қалады деп ойлаған шығар. Бірақ мен ары қарай жүре бердім. Кейін қайта келсем, ол шай ішіп отыр екен, – деді Амантай қажы.
Ол сонымен қатар әйелді ауруханада барып көргенін де айтты. Қоғам белсендісі бұл оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық істі «тапсырыспен ұйымдастырылған» деп санайды.
– Оны біреу ақшаға сатып алды. Бұл істі менің ел арасындағы беделімді көре алмаған, жемқор шенеуніктер қолдан ұйымдастырды, – деді ол.
Айта кетейік, шілде айындағы осы жағдайдан кейін қоғам белсендісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Материал авторы