Танымал блогерлер жарнамалаған оқу орталығы жалған тест сұрақтарын сатқан

07.08.2025, 11:50
2264
Танымал блогерлер жарнамалаған оқу орталығы жалған тест сұрақтарын сатқан бейнежазбадан

Ескерту жасадым, бірақ ешкім тыңдамады дейді талапкер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда магистратураға түсуге дайындық жүргізетін жекеменшік оқу орталығы үлкен дауға қалды. Курсты жарнамалаған танымал блогерлердің сендірген уәдесіне алданған талапкерлер емтиханда мүлде басқа сұрақтар келгенін айтып шағымдануда. Бұл туралы Жетінші арна жеткізді.

Ақтөбелік Гүләмина Нұриқұлова ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша магистратураға түсуге дайындалған. Оның айтуынша, 100 мың теңгелік курс жарнамасын блогерлердің парақшасынан көріп, сеніп қалған. Орталық өкілдері «Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп дайындалған» деген желеумен арнайы платформаға қолжетімділік берген. Бірақ дайындық сұрақтары шынайы емтиханмен мүлде сәйкес болмаған.

«Платформадағы сұрақтар дұрыс емес екенін байқадым. Ескерту жасадым. Бірақ ешкім тыңдамады. Кейін емтиханнан соң бізді өзімізді кінәлады. Сабақтардың рейтингісін төмендетіп, нәтижемізді өшіріп тастады. Мұны ашық алаяқтық деп есептеймін», – дейді талапкер.

Осыған ұқсас жағдайды Талдықорған қаласының тұрғыны Акерке Сансызбай да бастан кешкен. Ол қазақ тілі пәнінен дайындық сұрақтарының мазмұны күмән туғызғанын, ал нақты емтиханда мүлде басқа тапсырмалар келгенін айтады.

«Сынаққа 3–4 күн қалғанда сұрақтардың шынайы еместігін түсіндім. Бірақ ол кезде кеш еді. Соңында тест қиын болып шықты», – дейді ол.

Ал Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тест материалдары ешқандай үшінші тарапқа берілмейді. Орталық өкілдері күмәнді жарнамаларға сенбеуге шақырады.

«Интернеттегі «нақты сұрақтар» немесе «емтиханға дайын жауаптар» деген жарнамалар – жалған. Ұлттық тестілеу орталығы ешқандай сұрақ таратпайды. Жыл сайын тест сұрақтары жаңартылып, сараптамадан өтеді», – деді орталық басшысының орынбасары Наужан Дидарбекова.

Маманның айтуынша, алаяқтар талапкерлердің сенімін пайдаланып, тестілеу жүйесін жалған ақпаратпен бұрмалауға тырысады. Ал нақты сынақтар мен сұрақтар мемлекеттік қорғауда болады.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды