Тоқаев Қазақстан-Өзбекстан шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялады

28.03.2023, 12:13
600
Тоқаев Қазақстан-Өзбекстан шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялады gov.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.

16 наурызда сенат Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялады. Шартта жергілікті жерде шекаралық белгілермен ұзындығы 2356. 666 шақырым болатын мемлекеттік шекараның таңбаланған сызығын белгілеу көзделген. Осылайша шекара 5 шақырымға ұзарды.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында қол қойылған.

Шарттың басты мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара сызығын шегендеудің құқықтық негіздерін халықаралық-құқықтық бекіту.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың сөзінше, кейінгі 19 жылда демаркациялау кезінде екі жақтың жергілікті тұрғындарының мүддесі ескеріле отырып, шекараны күзетудегі қолайлылық мүддесі, Ұлттық Қарулы Күштердің шекара қызметі үшін мемлекеттік шекара сызығы жергілікті жерде нақтыланды.

Шартқа сәйкес Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының бастапқы нүктесі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі болады, ал шекара сызығының соңғы нүктесі Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан шекараларының түйісу нүктесі болады.

Шартта жергілікті жерде шекаралық белгілермен ұзындығы 2356.666 км болатын мемлекеттік шекараның таңбаланған сызығын белгілеу көзделген. Бұл ретте мемлекеттік шекара сызығының өтуі, шекаралық белгілердің орналасқан жері, олардың геодезиялық координаттары, биіктік белгілері және әрбір шекаралық белгінің басқа да деректері Шартқа қосымшаларда берілген және көрсетілген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды