Алматы облысында көрші зейнеткерлерді өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр
Қариялардың бірін тұншықтырып, бірін пышақтап өлтірген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында екі қарт адамды өлтірді деген күдікпен 38 жастағы Иван Занилов іздестіріліп жатыр. Қанды оқиға Талғар ауданына қарасты Панфилово ауылында болған.
5 тамыз күні сағат 11:00 шамасында Талғар аудандық полиция бөліміне «101» нөмірі арқылы Панфилово ауылындағы жеке үйден өрт шыққаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметі мен полиция үй ішінен екі адамның мәйітін тапқан.
Алайда өрт – басты себеп емес сияқты. Тергеу болжамынша, қаскөй дәл осы өрт арқылы жасаған қылмысын жасыруға тырысқан. Бұл туралы Halyqstan Telegram-арнасы хабарлады.
Мәйіттерге жүргізілген бастапқы тексеру мынадай деректерді анықтаған:
79 жастағы ер адамның денесінен бірнеше пышақ жарақаты мен тұншықтыру белгілері табылған;
76 жастағы әйелдің мойнынан көгерген іздер байқалған, жанында арқан болған.
Полиция мәліметінше, бұл отбасының көршісі – Иван Занилов – осы көшеде тұрған. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта ол іздестіріліп жатыр.
Тәртіп сақшылары Заниловтың қарсылық көрсетуі мүмкін екенін ескеріп, іздестіру жұмыстары кезінде сақтық шараларын күшейткен. Талғар аудандық полициясының жеке құрамына арнайы нұсқау берілген.
Материал авторы