51 ауыл мектебі тірек мектептер желісіне қосылады

07.08.2025, 14:02
2423
51 ауыл мектебі тірек мектептер желісіне қосылады Furo.kz

Ауыл мектептерінде алғаш рет заманауи STEM, aрт, теле студия мен ғылыми кабинеттер пайда болып, ұстаздар оқу бағдарламасынан өтеді.

Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, Aitas холдингі, «Қазақстан халқына» қоры, Назарбаев зияткерлік мектептері еліміздің Оқу-ағарту министрлігі қолдауымен «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» ауқымды жобасының соңғы кезеңін бастады.  

2025 жылы жобаға еліміздің әр облысынан 51 мектеп қатысады. Осылайша, 2019 жылы бастау алған жоба барлығы еліміздің әр ауданы мен моноқаласында 192 оқу орнын қамтиды. Жоба мақсаты – ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы теңсіздікті жоюға бағытталған.

2019 жылы Aitas холдингінің әлеуметтік миссиясы аясында ұлттық тірек мектептер желісін құру стратегиясын іске асыра бастады. Ал 2022 жылы «Қазақстан халқына» қоры қолдауы арқасында аталмыш жоба еліміздің әр өңіріндегі ауыл мектептеріне жетті. Осы аралықта Назарбаев зияткерлік мектептері жобаның академиялық серіктесі болып келеді.

Тірек мектептер желісіне енген әр мектепте заманауи оқу-құралдары, STEM, робототехника кабинеттері, арт және телестудия пайда болады. Ұстаздар еліміздің үздік ұстаздарымен тәжірибе алмасады.

Жоба толығымен жеке және қайырымдылық қаржыға жүзеге асады. Әр мектептің жабдықталуына «Қазақстан халқына» қоры 250 млн теңгеден, жалпы 12,8 млн теңге бөлді. Aitas холдингі Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының операциялық шығындарын өтеп берсе, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ауыл ұстаздарын өз қаражатына оқытады.

сурет: Furo.kz

Тірек мектептер желісін дамыту ауылдағы білім сапасының тұрақты өсуіне және балалардың тең білім алуына мүмкіндік береді.

2022-2024 жылдары ұлттық тірек мектептер желісін құру стратегиясы арқасында елімізде 141 ауыл мектебі тірек мектеп статусын алды. Биылғы 51 мектептің арқасында олардың саны 192-ге жетеді. Жалпы 1900-ден астам кабинет жаңадан жабдықталып, 190 мыңға жуық заманауи жағдайда білім алады.

Тірек мектептер аз уақытта жоғары нәтиже көрсетіп жатыр. ҰБТ, олимпиадалар мен халықаралық жарыс жеңіспаздары саны артудаы.

Естеріңізге салсақ, 2024 жылдың желтоқсанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жобаға қатысқан Хромтау мектебіне барып, мектеп пен ұстаздарға жоғары бағасын берді. Ал премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктер мен Оқу-ағарту министрлігіне 2025 жылдың соңына дейін елімізде 200 тірек мектеп құруды тапсырған болатын.

2025 жылы қатысатын мектептердің толық тізімін furo.kz сайтынан көре аласыздар.

 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады