Қостанайда автобус жолаушысы мойын омыртқасын сындырып алды

07.08.2025, 14:57
2458
Қостанайда автобус жолаушысы мойын омыртқасын сындырып алды Sputnik / Тимур Батыршин

Жүргізуші жәбірленушіге 300 мың теңге өз еркімен берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай қалалық соты жолаушы әйелдің тасымалдаушы компанияға қарсы қозғаған азаматтық ісін қарап, моральдық зиян үшін өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

Оқиға 2024 жылдың тамыз айында болған. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетпеу үшін кенет тоқтап қалған. Осы сәтте қоғамдық көлікте отырған зейнеткер әйел ауыр жарақат алып, мойын омыртқалары сынып, ауырсыну және бұлшықет рефлекторлық синдромына шалдыққан.

Сот-медициналық сараптама әйелдің жабық сынық алғанын растады. Ал жүргізуші жәбірленушіге 300 мың теңге көлемінде дәрі-дәрмек сатып алу үшін өз еркімен ақша берген.

Сот мәліметінше, жоғары қауіп көзі болып саналатын көлік құралынан зиян келтірілген жағдайда, кінәнің бар-жоғына қарамастан моральдық зиян өтелуге тиіс. Дегенмен, судья жүргізушінің өз еркімен өтемақы төлеуін ескеріп, тасымалдаушы компания – «Ж» ЖШС-нен зейнеткердің пайдасына 200 мың теңге көлемінде қосымша моральдық өтемақы өндірді.

Айта кетейік, сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады