ШҚО-да вебкам-студия ұйымдастырған қылмыстық топ 1 млрд теңге табыс тапқан

Азиз Қалижан Редактор
07.08.2025, 15:25
3104
ШҚО-да вебкам-студия ұйымдастырған қылмыстық топ 1 млрд теңге табыс тапқан Polisia.kz

Олар порнографиялық видеолар түсірумен айналысқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында порнографиялық сипаттағы бейнематериалдарды заңсыз өндірумен және таратумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Қылмыстық топ өзін «модельдік агенттік» ретінде көрсетіп, елдің кемінде 10 қаласында, соның ішінде Өскеменде вебкам-студиялар ашқан. Студиялар арқылы ашық трансляциялар жүргізіліп, оларға 18 бен 25 жас аралығындағы қыздар тартылған. Ұйымдастырушылар қыздарға айына 2 миллион теңгеге дейін табыс табуға болатынын айтып, жұмысқа шақырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл бизнестің ұйымдастырушылары 1 миллиард теңгеден астам заңсыз табыс тапқаны белгілі болды.

Тінту кезінде 120-дан астам компьютер, веб-камера, жарық жабдықтары және басқа да техникалар тәркіленді.

Қазіргі таңда бұл іске байланысты 14 күдікті ұсталды, олардың арасында аталған бизнесті ұйымдастырған негізгі тұлғалар да бар. Тергеу аяқталуға жақын.

Полиция азаматтарды интернет арқылы ұсынылатын «оңай табыс» жолдарына сақ болуға шақырып отыр. Егер жұмыс заңмен бекітілмесе немесе күмәнді сипаттарға ие болса, ондай қызметтерден бас тарту ұсынылады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды