795

Атырауда екі жастағы бала кір жуғыш машинада қысылып қалды

Баланы құтқарушылар шығарып алды.

Атырауда екі жастағы бала кір жуғыш машинада қысылып қалды
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Құрманғазы ауданында ерекше жағдай орын алды: екі жастағы бала ойын кезінде кір жуғыш машинаның ішіне кіріп, қайта шыға алмай қалған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бала қолмен жууға арналған машинаның ішіне өздігінен кірген. Анасы оны шығармақ болғанымен, әрекеті сәтсіз болып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

«ТЖ қызметінің мамандары оқиға орнына жедел жетіп, жағдайды бағамдады, баланы тыныштандырып, оны центрифугадан абайлап шығарып алды», — деп хабарлады министрлік.

Бала зардап шеккен жоқ, оған медициналық көмек қажет болмады.

Материал авторы