634

Жамбылда екі жасөспірім құлдықта екендерін айтып, көмек сұрады

Бес жыл бойы қорлық көрдім дейді бозбала.

Жамбылда екі жасөспірім құлдықта екендерін айтып, көмек сұрады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының құқық қорғау органдары екі ағайындының оқиғасын тексеріп жатыр. Олар бірнеше жыл бойы құлдықта болып, зорлық-зомбылық көргендерін мәлімдеген.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жасөспірімдер денелеріндегі көгерген іздер мен жарақаттарын көрсетіп, бастарынан өткен жағдайды баяндаған.

«Бес жыл бойы қорлық көрдім. Мені ұрып, қамшымен сабады, мал бағуға мәжбүрледі. Телефонды тартып алды. Денем жараға толы. Әкемнің қасына барғым келеді, бірақ анам бірдеңе айтуға қорқады. Егер көмектеспесе, не боларын білмеймін. Біріміздің өлетініміз анық», – дейді 16 жастағы бозбала.

Оның інісі өзін Ұзақбай деп таныстырып, көмек сұрады: 

«Бізге көмектесіңіздерші. Бізді мал бағуға мәжбүрлейді».

Orda.kz мәліметінше, ағайындылар Талас ауданына қарасты Көктал ауылында тұрған. Олар 6 тамыз кешкісін үйден қашып шығып, Алматыдан табылған. Қазір балаларды қайтадан Жамбыл облысына әкетіп бара жатыр.

Отбасы бұрын ешқандай есепте болмаған. Оқиғаның мән-жайын және балалардың мәлімдемесін полиция тексеріп жатыр.

Материал авторы